Таразда ағаштар тамырымен жұлынып, үйлердің шатырын жел ұшырды (видео)

0
2 773

Түс уақытына қарай басталған жел салдарынан ағаштар құлап, бағдаршамдар істен шығып жатыр.


Таразда ағаштар тамырымен жұлынып, үйлердің шатырын жел ұшырды (видео)

ERNUR.KZ. Тараз қаласында жойқын жел басталып, қалалық коммуникация қызметін әбігерге салды. Түс уақытына қарай басталған жел салдарынан ағаштар құлап, бағдаршамдар істен шығып жатыр. Сондай-ақ облыс орталығының бірқатар аудандарында электр жарығы сөнген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғындары жұлынған шатыр, құлаған ағаш видеоларын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.




Сонымен қатар қаланың ең жаңа аймағы саналатын 15-ықшамауданда жаңа салынған көпқабатты тұрғын үйдің бірінің шатырын жұлып әкетті. Осыған байланысты шағын ауданның жанындағы тасжолдағы қозғалысқа шектеу қойылды.

Қалалық әкімдік өкілдері дауылдың салдары желдің беті қайтқаннан кейін қалпына келтірілетінін айтты.