Таразда көше сыпырып жүрген әйелді көлік қағып өлтірді

0
2 565

​Екі көлік соқтығысып, бірі жол жиегіне шығып кетті. Дәл осы уақытта коммуналдық қызмет жұмысшысы аумақты тазалап жүрген.


Таразда көше сыпырып жүрген әйелді көлік қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Таразда адам өмірін қиған жол апаты болды, деп жазады sputniknews.kz.

Әл-Фараби мен Ниетқалиев көшелерінің қиылысында BMW мен Volkswagen соқтығысты.




Екі көлік соқтығысқан кезде машинаның бірі жол жиегіне шығып кетті. Дәл осы уақытта коммуналдық қызмет жұмысшысы аумақты тазалап жүрген.

Автокөлік әйел адамды қағып, ол сол мезетте көз жұмды.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі ("Абайсызда адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі жүргізуші бес жылға дейін сотталуы мүмкін.