Таразда танысының көлігін мінген мектеп түлегі каналға түсіп кетті

0
382

Оқиға 25 мамырда елде соңғы қоңырау мерекесі тойланып жатқанда болған.


Таразда танысының көлігін мінген мектеп түлегі каналға түсіп кетті

ERNUR.KZ. Таразда 17 жастағы мектеп түлегі көлікпен каналға түсіп кетті, деп жазады sputnik.kz.



Оқиға 25 мамырда елде соңғы қоңырау мерекесі тойланып жатқанда болған.
Lexus Тәуке хан көшесінің бойында орналасқан "Қазақ хандығы" монументінің жанындағы каналға түсіп кеткен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер Lexus көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мектеп бітірген таныстарын серуендеткенін анықтады. Ол аз уақытқа кеткен кезде түлектердің бірі рөлге отырып, тежегіш пен газ шатастырып, көлікті каналға аударып алған.
17 жастағы оқушының өзі зардап шекпеген, апат болған кезде көлікте жалғыз болған. Жасөспірім ішімдік ішпеген.
Оған 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ата-анасымен түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Автокөлікті жөндеу мәселесі азаматтық сотта тараптар арасында шешілуі мүмкін.