Таразда вагон үстіне шығып селфи жасамақшы болған жасөспірім қайтыс болды

0
883

Бейнежазба авторының айтуынша, жасөспірімді тоқ соққан.


Таразда вагон үстіне шығып селфи жасамақшы болған жасөспірім қайтыс болды

ERNUR.KZ. Таразда тоқтап тұрған пойыз вагондарының үстіне шығып, суретке түспекші болған жасөспірім ток соғып қайтыс болды, деп жазады Экспресс К.

Қайғылы оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілер арқылы таралып жатыр.

Бейнежазба авторының айтуынша, жасөспірімді тоқ соққан.
Бейнежазбада вагонның үстінде жансыз жатқан адамның денесі айқын көрініп тұр. Оқиға куәгерлері екі баланың вагон төбесіне шығып, фото жасамақшы болғандығын айтады. Сол сәтте оларды тоқ соққан екен.
«Пойыз үстіне шыққан жасөспірім сол жерде тірідей жанып кетті», - дейді бейнежазба авторы.
Екінші жасөспірімнің жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Аталмыш оқиғаға байланысты әлі ресми ақпарат жарияланбады.