​Тараздағы кәсіпорын жылына мың тоннадан астам жайма шығарады

0
1 752

Салық амнистиясы көлеңкедегі бизнесті жарыққа шығарып, құрдымға кеткелі тұрған кәсіпорындарға дем береді. Бұл тараздық тәжірибелі кәсіпкерлердің пікірі


​Тараздағы кәсіпорын жылына мың тоннадан астам жайма шығарады

сурет:vipsvip.ru

ERNUR.KZ. Салық амнистиясы көлеңкедегі бизнесті жарыққа шығарып, құрдымға кеткелі тұрған кәсіпорындарға дем береді. Бұл тараздық тәжірибелі кәсіпкерлердің пікірі, деп жазады 24.kz.

Ал «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімінің 2025 жылға дейін ұзартылуы шағын және орта кәсіпкерлікті тұрақты түрде дамытуға серпін болмақ. Бұл кәсіпорын жұмысын «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қабылданбай тұрып 2 жыл бұрын бастаған. Кәсіп иесі «Тірнектеп жинаған қаражатын керек-жараққа титықтап жеткізіп отырдым» дейді. Кейін мемлекет бағдарламаны іске қосқан кезде бірден 40 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Ісі өрге басып, 120 адамды еңбекпен қамтыды.

Болат Жетпісбаев, кәсіпкер:

- Өнімді біз шутчна алалмайтынбыз. Бізге вагон вагон керек. Сол вагон вагон өнімге 120 -200 тоннаға біздің ақшамыз жетпейтін. Сосын өнімнің қамтамалары өте үлкен көмегі болып тұр.

Қазір кәсіпорын жылына 1100 тонна жайма шығарады. Өнім ерекше технологиямен әзірленеді. Біздің көргеніміз қазақтың ұлттық тағамының жаймасы құрғақ ұннан бірден дайын өнім болып шығарылып жатыр. Нақты жасалу жолын кәсіпкер құпияда ұстап отыр.

Жансая Дүйсебаева, жұмысшы:

- Күніне 190-200 коробка істейміз. 03 болса. Ал 7-80 істейміз килаграмовыйдан. Жұмыс жақсы. Қиын емес. Жалақыны уақытылы аламыз.

Өнім Қазақстан нарығынан бөлек, Қырғыз, Ресей елдеріне экспортталады. Биыл 50 тоннасы көрші мемлекеттерге жөнелтілген. Қазір Қытай мен Өзбекстан отандық тауарға қызығушылық танытып, келіссөздер жүріп жатыр. Жақында кәсіпкер мемлекеттік бағдарламамен 24 миллион теңге несие рәсімдеп, жобаның екінші кезеңін іске қоспақ.

Болат Жетпісбаев, кәсіпкер:

- Жол картасы - 2020 бағдарламасын тағы да 5 жылға созылу ұсынысы бекітілді. Ол енді мүмкіндік деп ойлаймын кәсіпкерлерге арналған. Мысалы, біз 5 жылдың ішінде қандай дәрежеге жеттік. Ал енді тағы да 5 жыл ішінде біз әжептеуір дәрежеге жетеміз. Кәсібі бар азаматтар бұны қол шапалақтап тұрып қарсы алған жайымыз бар.

Жандәулет Кенжебеков, облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасы басшысының орынбасары:

- Бағдарлама іске асқалы бері 97 миллиардтан аса теңгенің 1040 жобасы облыста қолдау алды. 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды бағдарлама аясында. Ағымдағы жылдың өзінде 6 айдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнім көлемі 157 миллиард теңгені құрап. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 116 пайызға жетіп отыр.

Келер жылға бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге қарастыруға сұраныс берілген. Қабылданса тағы 200-ден астам кәсіпкерге қолдау көрсетілмек.