Тараздағы көпқабатты үйдегі өрт темекі тұқылынан тұтанған болуы мүмкін

0
455

Тілсіз жау тұтанған кезде үйде арбаға таңылған мүгедек әжей мен оның 42 жастағы баласы болыпты.


Тараздағы көпқабатты үйдегі өрт темекі тұқылынан тұтанған болуы мүмкін

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт болып, бір адам ажал құшты. Денесін 90 пайызға күйік шалған 72 жастағы зейнеткер ауруханада жатып көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. qazaqstan.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Тілсіз жау тұтанған кезде үйде арбаға таңылған мүгедек әжей мен оның 42 жастағы баласы болыпты. Лезде күш алған жалыннан екеуі де сыртқа шыға алмай, түтінге түншығып қалған. Дереу жеткен құтқарушылар алдымен екеуін, сосын жоғарғы қабаттағы 4 баланы сатымен түсіріп алды. Жеткіншектер зардап шеккен жоқ. Жалпы 25 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Тілсіз жау небәрі жарты сағатта ауыздықталған. Алдын ала болжам бойынша өрт темекі тұқылынан тұтанған. Ал, денесін күйік шалған зейнеткер мен оның баласы бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейуананың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Ол екі сағаттан соң көз жұмды. Ал ұлы дәрігерлер бақылауында.

"Ол кісінің келіп түскендегі диагнозы денесінің 10 пайызын күйік шалған. Және өрт салдарынан тыныс алу жолдары зақымдалып, ол кісі де түтіннен уланып жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы қанағаттанарлық", - деді Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі, Әбілсейіт Сыдықов.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда көп қабатты үй өртенгенін хабарлаған болатынбыз.