Тасқұламаның астында қалған қазақстандық туристерге құтқарушылар тікұшақпен аттанды

0
1 321

Алдын ала болжам бойынша, бір адам қаза тапқан және ол қазақстандық болып шықты


Тасқұламаның астында қалған қазақстандық туристерге құтқарушылар тікұшақпен аттанды

ERNUR.KZ. Бішкек маңында болған тасқұламаға қазақстандық құтқарушылар тікұшақпен аттанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары мінген "Қазавиақұтқару" тікұшағы 31 шілдеде қазақстандық туристерге көмек беру үшін ұшып шықты. Сағат 06.58-де құтқарушылар Скрябина мұздығына қарай аттанды. Алдын ала мәліметтер бойынша, теңіз деңгейінен 4100 метр биікте бір топ турист тас астында қалған.

"Арасында екі кинологиялық топ бар, он адамнан құрылған РЖҚО жасағы Алматыдан МИ-171 тікұшағымен ұшып шықты", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 30 шілдеде Бішкектен 40 шақырым жерде орналасқан Скрябина мұздығында бір топ турист тасқұламаның астында қалды. Зардап шеккендердің арасында Қазақстанның төрт азаматы бар.

Алдын ала болжам бойынша, бір адам қаза тапқан және ол қазақстандық болып шықты. Сонымен қатар, зардап шеккендердің арасында Ресей азаматтары бар.