Теміртау емханасында түсірілген видеодан кейін медбике жазаға тартылды

0
526

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қолын кесіп алған жас жігітке дәрігерлер көмек көрсетпей, кабинетте шай ішіп отырғанын көруге болады.


Теміртау емханасында түсірілген видеодан кейін медбике жазаға тартылды

ERNUR.KZ. Теміртау қаласында жекеменшік емханада болған оқиғадан кейін медбике тәртіптік жазаға тартылды, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қолын кесіп алған жас жігітке дәрігерлер көмек көрсетпей, кабинетте шай ішіп отырғанын көруге болады.

"Қолынан қан ағып жатыр, ал олар "бізде түскі ас" деп қояды", - дейді видео авторы.
Медбикелердің біреуі материал күтіп отырғанын айтқан.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаның жекеменшік емханада болғанын хабарлады.
"Будь здоров" медициналық орталығының әкімшілігі пациентке дер кезінде көмек көрсетпеген медбикені тәртіптік жазаға тарту түрінде шара қолданды", - деді басқарма мамандары.
Жекеменшік емхана арыз-шағымды 8-747-594-02-61 нөмірі арқылы беруге болатынын ескертті.