Теміртауда өндірістен шығарылатын зиянды қалдық мөлшері азаяды

0
1 166

Алпауыт кәсіпорын жылына 200 мың тонна зиянды затты ауаға бөледі. Оның 50 пайызы көмірқышқыл газы. Бұл көрсеткішті азайту үшін компания басшылары 2 миллиард доллар қаржы бөліп отыр.


Теміртауда өндірістен шығарылатын зиянды қалдық мөлшері азаяды

ERNUR.KZ. Теміртаудағы өндірістен бөлінетін зиянды қалдықтардың мөлшері 2023 жылға дейін екі есеге азаяды, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Арселор Миттал Теміртау компанияның бас директоры Парамжит Калон мәлімдеді. Қазір қоршаған ортаға таралатын өндіріс қалдығының 77 пайызы дәл осы металлургиялық комбинаттың үлесінде екен.

Алпауыт кәсіпорын жылына 200 мың тонна зиянды затты ауаға бөледі. Оның 50 пайызы көмірқышқыл газы. Бұл көрсеткішті азайту үшін компания басшылары 2 миллиард доллар қаржы бөліп отыр. Оған газ бен шаңды сүзгіден өткізетін бірнеше заманауи қондырғы орнатылмақ. Сондай-ақ өндірісті жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, биыл жылу электр орталығының түтін шығатын құбыры жаңартылады. Экологиялық жобалар толық жүзеге асқанда барлық көрсеткіштер халықаралық талаптарға сай болады дейді компания өкілдері.

Парамжит Калон, компанияның бас директоры:

- Металлургиялық комбинаттың салынғанына 70 жылға жуықтады. Бұл аралықта әрине кез келген зат тозады. Алпауыт кәсіпорынды бірден жаңғырту, жаңарту мүмкін емес. Мұндай ірі жобаны жүзеге асыруға біраз уақыт керек, қыруар қаржы қажет. Сондықтан сәл күте тұруға тура келеді. 2030 жылы экологиялық жобаларды толық аяқтап, халықаралық стандарт деңгейіне шығамыз деген жоспарымыз бар.