Теміртауда спорт алаңында ойнап жүрген балаларды жасанды көгал басып қалды

0
1 258

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, бәрі аман-сау.


Теміртауда спорт алаңында ойнап жүрген балаларды жасанды көгал басып қалды

Теміртау қалалық әкімдігінің мәліметінше, балалар алаңында жасанды жабын ұшып кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін қолайсыз ауа райына, қатты желге байланысты төтенше оқиға болды. 70-ші орамдағы спорт корты аумағында ойнап жүрген балаларды жасанды көгал басып қалды. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, бәрі аман-сау. Биыл ғана мәдениет және спорт бөлімінің балансына тапсырылған бүкіл 20 кортты ретке келтіріп жатқанымызды атап өткім келеді. Қазіргі уақытта 5 корт бойынша мердігерлермен сот процедурасын жүргізіп жатырмыз, онда кепілдік міндеттемесі бойынша олар алаңға жөндеу жұмысын жүргізеді. Бұл корттарда ойнауға және спортпен айналысуға болмайды», - деді Теміртау әкімінің орынбасары Самат Зияшев.

Еске сала кетейік, кеше Қарағанды облысында қатты желден жолаушылар автобусы аударылып қалды, сондай-ақ бірнеше ғимараттың шатыры ұшқан.