Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары ставка көтерілді

0
506

Депозиттер бойынша жаңа ставкалар 27 қазаннан бастап күшіне енеді.


Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары ставка көтерілді

ERNUR.KZ. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бүгін, 27 қазаннан бастап теңгедегі депозиттер бойынша максималды ставканы ұлғайтты, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық банк базалық ставканы көтеруіне байланысты қор қазан және қараша айлары үшін мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді ұлғайту туралы шешім қабылдады.
Теңгедегі депозиттердің жаңа ставкасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Теңгедегі депозиттердің жаңа ставкасы


Депозиттер бойынша жаңа ставкалар 27 қазаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі базалық ставканы +/– 1 пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ке дейін көтерді. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15% болды.
Айта кетері, базалық мөлшерлеме – елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды.
Базалық ставканың тағы бір міндеті – инфляцияны барынша тежеп, оның өсуіне жол бермеу. Әдетте Ұлттық банк инфляцияны ұстап тұру үшін базалық ставканы көтереді.