"Терезе арқылы қашқан": Қорғаныс министрлігі әскерден қорыққан студенттердің видеосына қатысты пікір білдірді (видео)

0
338

Видеодан колледж студенттерінің терезе арқылы қашып жатқанын көруге болады. Дәл сол күні студенттерге диплом табысталған екен.


ERNUR.KZ. Әскерден қашқан студенттердің видеосына қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Әскери комиссариат қызметкерлерінің айтуынша, бұл видео 10 күн бұрын түсірілген, деп жазады Stan.kz.

Видеодан колледж студенттерінің терезе арқылы қашып жатқанын көруге болады. Дәл сол күні студенттерге диплом табысталған екен. Алайда көңілді кешті әскери комиссариат қызметкерлері бұзған.

Министрліктің хабарлауынша, оларды ешкім күштеп әскерге әкетпейді. Ал бұл күні балаларды медициналық тексеруге апару көзделген екен.

"Әскерде қызмет ету – әрбір азаматтың борышы. Шақырту қағазын алғандар әскери комиссариатқа келу міндетті. Жалтарғандарға жауапкершілік қарастырылған", – делінген министрлік хабарламасында.