TikTok-та Қазақстан туралы қысқа фильм түсіргендер Канн фестиваліне қатысады

0
354

"Бас жүлде" номинациясының жеңімпазы 10.000 еуро көлемінде сыйақы алады.


TikTok-та Қазақстан туралы қысқа фильм түсіргендер Канн фестиваліне қатысады

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен TikTok Қазақстандықтарды қазақ тілді және отандық үздік фильмдер байқауына, сондай-ақ #tiktokshortfilm әлемдік жобасына қатысуға шақырады, деп жазады inbusiness.kz.

TikTok үшінші жыл қатарынан #TikTokShortFilm өткізбекші. Байқауда 55 елдің авторлары бүкіл әлемге, миллиардтан астам көрерменге өз шығармашылығын бөліседі.

2024 жылғы 21 ақпаннан 15 наурызға дейін қатысушылар байқау шарттарына сәйкес келетін ұзақтығы бір минуттан асатын түпнұсқа бейнероликті тікелей жариялауы қажет.

"Бас жүлде", "Үздік сценарий", "Үздік режиссерлік жұмыс" номинациялар жеңімпаздарын беделді қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар Франциядағы 77-ші Канн кинофестивалінде өтетін #TikTokShortFilm марапаттау рәсіміне шақырылады.

"Бас жүлде" номинациясының жеңімпазы 10.000 еуро көлемінде сыйақы алады, қалған екі номинация бойынша үздік жұмыстардың авторларына болашақта шығармашылығын дамыту үшін 5.000 еуродан беріледі.

Сондай-ақ Қазақстан авторлары да дәл сол күндері жергілікті қысқа бейнефильмдер байқауына қатыса алады.

"Қазақстандағы ең үздік қысқа фильм" және "Қазақ тіліндегі ең үздік қысқа фильм" атты екі номинация бойынша жұмыстар қабылданады. Байқау жеңімпаздары Канн кинофестиваліне қатысады.

Айта кетейік, өткен жылы #tiktokshortfilm хэштегімен 2 миллионнан астам видео түсірілген.