Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП басшысы қызметінен кетті

0
618

​Тимур Құлыбаев – қазақстандық бизнесмен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі.


Тимур Құлыбаев

фото: ашықдереккөзден

Еліміздегі танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ atameken.kz-ке сілтеме жасап.

Оның үндеуі палатаның сайтында жарияланды.

Тимур Құлыбаев 2013 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінге дейін "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы қызметін атқарды. Ол 2005 жылдың қарашасынан бастап "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметін қатар атқарып келеді.

Тимур Құлыбаев – қазақстандық бизнесмен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отыр.