Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды

0
1 073


Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.