Тірісі де бар: желіде Маңғыстаудағы иттер көмілген шұңқырдың видеосы тарады

0
457

Иттердің өлексесі Батыр кентінің жанында орналасқан.


Тірісі де бар: желіде Маңғыстаудағы иттер көмілген шұңқырдың видеосы тарады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы иттер көмілген жер туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Шұңқырда тіпті күшіктері бар тірі иттердің де бары айтылған, деп жазады sputnik.kz.

Куәгерлердің айтуынша, иттердің өлексесі Батыр кентінің жанында орналасқан. "Пушистое счастье" қорының еріктілері көрсетілген координаттар бойынша жолға шықты. Ауыл шаруашылығы басқармасы әзірге жағдай туралы еш мәлімет бермеген, ал Мұнайлы ауданының әкімдігі егжей-тегжейлерін анықтап жатқанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаевтың ақпараты бойынша, тұрғындардың өтініші мен шағымынан соң өңірде 1800 ит ұсталып, өлтірілген.