Тоқаев АҚШ-ты Орталық Азия елдеріне қарсы ядролық қару қолданбауға шақырды

0
963

АҚШ-тың Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттың хаттамасын ратификацияламаған жалғыз ядролық держава болып қала береді.


Тоқаев АҚШ-ты Орталық Азия елдеріне қарсы ядролық қару қолданбауға шақырды

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Джо Байденмен және Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесуінде Америка басшысын ядролық қарусыз Орталық Азия туралы хаттаманы ратификациялауға шақырды, деп жазады sputnik.kz.

Осы хаттаманы ратификациялаған елдер Орталық Азия мемлекеттеріне қарсы ядролық қару қолданбауға және осы аймақ елдерін жаппай қырып-қою қаруын қолданамын деп қорқытпауға міндеттеме алды.

"Бұл қадам аймақтың ядролық қарусыз мәртебесін институттандыру процесін аяқтайды және ядролық қарусыздану мен таратпауды нығайту жөніндегі халықаралық күш-жігердің маңызды кезеңі болады", - деп атап өтті Тоқаев.
Орталық Азия солтүстік жарты шарда аумағында ядролық арсеналдарды орналастыруға тыйым салынған жалғыз аймақ екені атап өтілді.
Бұған дейін хаттаманы Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания ратификациялаған болатын.
Америка Құрама Штаттары мұны жасамаған жалғыз ядролық держава болып қала береді. Онда хаттамаға қол қойылды, бірақ ратификацияланбады.