Тоқаев астық өндіретін фермерлерге көмек көрсетуді тапсырды

0
1 094

Бұған дейін жауыннан шығындалған шаруалар үкіметтен көмек сұраған болатын.


Тоқаев астық өндіретін фермерлерге көмек көрсетуді тапсырды

ERNUR.KZ. Ақорда еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Солтүстікте екі аптадай толассыз жауған жауыннан алқаптағы астық бүлінді. Жерде жатқан дән өніп, жап жасыл болып өсіп кеткен. Алынған өнім тек жемазыққа ғана жарайды.
Қарызға шаш етектен баттық деген шаруалар шарасыз күйде отыр, деп хабарлады КТК.
Шаруалар көктемгі егіс алдында қаржы институттарынан алған несиелерінің төлем мерзімін шегеруді сұрады.