Тоқаев: Қазақстаннан соғысқа аттанған әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты

0
480

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысы сияқты қасіретке ешқашан жол бермеуге шақырды.


Тоқаев: Қазақстаннан соғысқа аттанған әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты

Бүгін Ұлы Отан соғысының басталғанына тура 80 жыл толды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында әлем тарихындағы осынау қайғылы күнді еске алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу – барша адамзаттың міндеті", - деп жазды президент Twitter-де.




Тура 80 жыл бұрын фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. 1,2 миллионға жуық қазақстандық соғысқа аттанып, 600 мың сарбаз қаза тапты.