Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

0
1 085

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы қайғылы оқиғаға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.


Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

ERNUR.KZ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы қайғылы оқиғаға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қордай тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы болды, 11 адам, Өзбекстан азаматтары қаза тапты, жарақат алғандар көп. Туыстарына көңіл айтамын. ӨР Президентіне жеделхат жібердім. Біздің жолдардағы жағдай алаңдатады, бұл туралы ІІМ-де болған кеңесте айтқанмын. Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым!

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 20 сәуір 2019 жыл.

20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы - Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 32-сі медициналық мекемеге жеткізілген. Ауруханада тағы үш адам қайтыс болған.