Тоқаев онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойды

0
1 885

Аталған заңның міндеті – әлеуметтік желіде болып жататын буллинг, азаматтарды қорлау тәрізді келеңсіз фактілерден, қаржы пирамидаларынан Қазақстанның азаматтарын қорғай отырып, елімізде саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу.


Тоқаев онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойды

ERNUR.KZ. 2023 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заңның міндеті – әлеуметтік желіде болып жататын буллинг, азаматтарды қорлау тәрізді келеңсіз фактілерден, қаржы пирамидаларынан Қазақстанның азаматтарын қорғай отырып, елімізде саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу.

Заң жобасы онлайн платформаларды реттеудің мынандай халықаралық стандарттарына сәйкес келеді:

  • онлайн платформаларда мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
  • әлеуметтік желіні қолданушы және инфлюенсер (блогер) анықтамаларын беру;
  • негізгі заң жобасының терминологиясына, заңда қолданылатын түсініктерді толықтыру;
  • Онлайн платформалардың жұмысын реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, заң жобасына енгізу жөнінде;- отандық әлеуметтік желіні қолданушылардың құқын арттыру үшін әлемдік техногиганттар мен қазақстандық қолданушылардың арасындағы коммуникацияны реттеу;
  • онлайн платформаның иесі немесе оның заңды өкілі балаға қарсы кибербуллинг ақпаратты және мемлекетке қарсы контентті тартқан аккаунттарды тоқтатуға міндетті;
  • Онлайн платформаларда жарнаманы жылжыту;
  • Онлайн платформаларда модерация жүргізу;
  • жалған ақпаратты таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға қатысты мәселелер бойынша өзгерістер енгізді.