Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

0
927

Тоқаев Ресей президентінің федералды жиналысқа Жолдауының мазмұнды және бағдарламалық сипатын ерекше атап өтті.


Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

ERNUR.KZ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Ulysmedia.kz.




Кремльдің баспасөз қызметі екі елдің президенттері сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, екіжақты күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылағанын хабарлады.

"Ресей мен Қазақстанның одақтастығы мен стратегиялық әріптестігі қатынастарын жан-жақты нығайтуға деген өзара көзқарас расталды", - делінген хабарламада.

Тоқаев Ресей президентінің федералды жиналысқа Жолдауының мазмұнды және бағдарламалық сипатын ерекше атап өтті.