Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

0
469

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды.


Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.