Тоқаев Санкт-Петербургтегі музейге барды

0
577

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілген.


Тоқаев Санкт-Петербургтегі музейге барды

Президент Ресейге жасаған жұмыс сапары аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, деп жазады ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілген.

Сондай-ақ, музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.