Тоқаев Сингапур президентіне жеделхат жолдады

0
535

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.


Тоқаев Сингапур президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.