Тонаушылармен бірге дүкендерден зат ұрлаған қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр?

0
612

Маманның айтуынша, қолға түскен жағдайда, мұндай адамдар Қылмыстық кодекстің 191-бабы ("Ұрлық") бойынша сотталады.


Тонаушылармен бірге дүкендерден зат ұрлаған қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр?

ERNUR.KZ. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде тонаушылармен бірге дүкендерден зат ұрлаған тұрғындар жазалана ма? Заңгер Евгений Яворский "31 арнаға" берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Маманның айтуынша, қолға түскен жағдайда, мұндай адамдар Қылмыстық кодекстің 191-бабы ("Ұрлық") бойынша сотталады. Сондай-ақ, ҚК-нің 192 ("Қарақшылық") мен 196- бабы ("Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу") бойынша іс қозғалуы мүмкін. Әйтсе де, заңгер ұрлаған дүниесіне қарай, айыппұлмен шектелуі мүмкін екенін де ескертті.

"Дәрежесіне қарай, үлкен көлемінде айыппұл төлейтін шығар. Тонаушылық туралы бап қарастылмас, өйткені әдетте ол әскери уақытта қолданылады, ал оның жауапкершілігі зор. Құдайға шүкір, бізде әзірге әскери уақыт жоқ", - деді Евгений Яворский.

Айта кетейік, елімізде "Ұрлық" бабы бойынша тағайындалатын жаза 2000 АЕК (6,1 млн теңге) көлемінде айыппұлды қарастырады.

Сондай-ақ, мамандар ұрланған тауарларды сатып алмауға кеңес береді. Ол үшін де арнайы жаза қарастырылған. Сатып алушы 160-тан 4000 АЕК-ге дейін (490 080-12,2 млн теңге) айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.