Төреғали Төреәліге билік өкілдеріне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды

0
769

Ол 20 тәулік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.


Төреғали Төреәліге билік өкілдеріне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Белгілі қазақстандық әртіс Төреғали Төреәліге билік өкілдеріне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sputnik.kz.

Полицияның мәліметінше, медициналық тексеруге сәйкес Төреғали Төреәліні әкімшілік қамаудан босатуға еш негіз жоқ.
"Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 378-бабымен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады полиция.
378-бап "Билік өкіліне тіл тигізу" бойынша айыпты адам 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі. Не болмаса 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, сондай-ақ бұл бап бойынша 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.
Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда қазақстандық әртіс Төреғали Төреәлі жол ережесін бұзып, полициямен жанжалдасқан болатын.
Ол 20 тәулік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Қамауда жатқан әншінің денсаулығы нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.