Төрт ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті өз үйінен табылды

0
531

Қазіргі кезде қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің 51 жастағы әйелі ұсталған.


Төрт ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті өз үйінен табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында төрт ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті өз үйінен табылды. Оны өлтірді деген күдікпен әйелі ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 ақпанда Лисаков қаласының тұрғыны полиция бөліміне барып, ағасын төрт ай бойы көрмегенін айтқан. Телефонын көтермейді, қайда жүргені белгісіз.
"Жедел тергеу тобы жоғалған адамның тұрғылықты жеріне барып, зорлық белгілері бар 50 жасар ер адамның мәйітін тапты", - дейді полицейлер.
Марқұмның денесі төрт ай бойы үйде жатқан. Қазіргі кезде қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің 51 жастағы әйелі ұсталды. Оны психиатриялық ауруханаға жатқызды.
Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.