Төтенше жағдай кезінде Қазақстанға мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілерді әкелуге рұқсат етіледі - бұйрық

0
1 013

Құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 24 шілдеде күшіне енеді.


Төтенше жағдай кезінде Қазақстанға мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілерді әкелуге рұқсат етіледі - бұйрық
ERNUR.KZ. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде ел аумағына әкелуге рұқсат етілетін жағдайлар тізбесі бекітілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде ҚР аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:

- Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше ахуалдарды болғызбауға немесе олардың салдарын жою;

- төтенше жағдай енгізу кезеңі;

- аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;

- орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу үшін», - делінген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қол қойған бұйрықта.

Құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 24 шілдеде күшіне енеді.