Төтенше жағдайлар министрлігіне арнап елімізде 633 миллион теңгеге 71 дрон сатып алынады

0
694

Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті құжатқа қол қойған.


Төтенше жағдайлар министрлігіне арнап елімізде 633 миллион теңгеге 71 дрон сатып алынады

ERNUR.KZ. Үкімет резервінен төтенше жағдайлар министрлігіне арнап 71 дрон алу үшін 633 миллион теңге бөлінді, деп жазады stan.kz.

Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті құжатқа қол қойған.

“Қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысы мен 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталады”, – делінген құжатта.

Бүгінгі таңда министрлік қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биыл болған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олардың санының жеткіліксіз екенін көрсетті.

“Сонымен қатар қазіргі уақытта ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады. Осылайша, жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді”, – деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрттері, сондай-ақ 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.