Цой ШҚО-да қаза болған медицина қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты

0
2 407

Жол апатынан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері - Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды.


Цой ШҚО-да қаза болған медицина қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты

ҚР ДСМ министрі Алексей Цой ШҚО-да қаза болған медицина қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында көлік апатынан қаза тапқан Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлердің отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бұл трагедия дәрігер болудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан, дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады, - деп жазды министр.

Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері - Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды.

Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр. Қазір Семей қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Өскемен-Семей» тасжолында жол апаты болып, екі медицина қызметкері қаза тапқаны жайлы хабарланған еді.