Түлектер грантқа тапсыру кезінде төрт колледжді көрсете алады – БҒМ

0
579

​Танымал мамандықтарды анықтау бойынша әкімдікте, білім басқармасында облыстық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен комиссиялар құрылады.


Түлектер грантқа тапсыру кезінде төрт колледжді көрсете алады – БҒМ

ERNUR.KZ. Білім грантын бөлу кезінде үміткерлер төрт колледжді көрсете алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Брифингте тілшілер “егер колледжге 10 грант бөлінсе, бірақ 12 үміткер болса және осы 12 адам халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігі санатына кірсе, бұл балаларға тағы екі грант сұрауға бола ма?" деген сауал қойды.

"Орындарды қайта бөлу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыста үміткерлердің төрт мамандықты да, төрт колледжді де көрсетуге мүмкіндігі бар екенін айтқым келеді. Бұрынғы жылдары түлектердің жалғыз мүмкіндігі болса, бүгінде талапкерлердің колледжге түсуге төрт мүмкіндігі бар", – деп түсіндірді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Насымжан Оспанова.

Спикердің айтуынша, колледждерде орындарды бөлу жұмыстары жүргізілмейді. Бұл жұмысты білім басқармасы жанындағы комиссия жүргізеді.

"Бұл комиссияның жұмысына қайта бөлу де кіреді. Осы мүмкіндік ережелерде қарастырылған. Сондықтан бұл қажеттілікке жедел ден қою қажет болды", – деп түсіндірді техникалық және кәсіптік білім басқармасының басшысы.

Танымал мамандықтар бойынша әкімдікте, білім басқармасында облыстық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік бөлімінің, жұмыспен қамту бөлімінің қатысуымен комиссиялар құрылады. Бұл комиссияның құрамына өңірлердің жекелеген мамандықтарға қажеттілігін көрсететін әлеуметтік серіктестер кіруі мүмкін.

“Одан кейін колледждер арасында 11 көрсеткіш бойынша байқау өткізіледі. Мемлекеттік тапсырыс беріліп, орналастырылатын колледждердің тізімі жасалып жатыр. Содан кейін колледжге қабылдау процесі басталады. Бір колледжде қажетті топтар жиналмаған жағдайда, үміткерлерді қайта бөлуге болады. Бұл алгоритм Қабылдау ережелерінің 578-ші тәртібінде және 122 - Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру ережелерінде жазылған”, – деді спикер.