Тұрғылықты жерін ауыстырғандардың әскери комиссариаттағы есебі автоматты түрде өзгереді

0
2 214

Жыл сайын 300 мыңға жуық адам өзінің тұрғылықтың мекенжайын ауыстырады.


Тұрғылықты жерін ауыстырғандардың әскери комиссариаттағы есебі автоматты түрде өзгереді

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің сөзінше, Қазақстан ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған кезде азаматтарды әскери есептен шығару және қою бойынша сервистер сынақтан өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Жыл сайын 300 мыңға жуық адам әртүрлі себептермен бір орыннан екінші орынға көшеді. Олар бір әскери комиссариаттан шығып, екіншісіне есепке тұруы тиіс. Адамдарға бұл мекемелерге бірнеше рет баруға тура келеді. Қазір бұл техникалық тұрғыдан іске асырылды, қажетті мәліметтер базасымен интеграция жүргізілді. Біз адамның тұрғылықты жерінің мекен-жайын өзгерткенін көріп, оның әскери комиссариаттағы есебін автоматты түрде өзгертеміз", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осылайша жаңадан есепке тұру үшін оларға әскери комиссариатқа барудың қажеті болмайды, деп түйіндеді Дархан Ахмедиев.