ТҮРКІСТАН: Арыста төрт адамды атып кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр

0
635

5 тамызда екі белгісіз адам Арыста салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атып, қашып кеткен.


ТҮРКІСТАН: Арыста төрт адамды атып кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр

Полицейлер Түркістан облысында екі адамды атып, ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп жазады polisia.kz.

5 тамызда екі белгісіз адам Арыста салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атып, қашып кеткен. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп, болған оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр".Polisia.kz

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.