ТҮРКІСТАН: Шекара бекетінде көлік иелерін қорқытып, ақша алып отырған қылмыстық топ ұсталды

0
1 072

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Өзбекстан Республикасына өтуден бас тартқан жағдайда, қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, жүк автокөліктерінің алдыңғы әйнектерін сындырып, дөңгелектерін тескен.


ТҮРКІСТАН: Шекара бекетінде көлік иелерін қорқытып, ақша алып отырған қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері, Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Сарыағаштықтар" ұйымдасқан қылмыстық тобын ұстады, олар Сарыағаш қаласында орналасқан "Қапланбек" шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы Тәуелсіз Мемлекеттер Достағы елдерінің жүк тасымалы жүргізушілерінен посты арқылы өту үшін 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Өзбекстан Республикасына өтуден бас тартқан жағдайда, қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, жүк автокөліктерінің алдыңғы әйнектерін сындырып, дөңгелектерін тескен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктілерді тұрғылықты мекен-жайы бойынша ұстады. Барлығы 13 күдікті анықталып, олардың Түркістан облысының тұрғындары екені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда . Айғақты зат ретінде қару, пышақ және ақша тәркіленіп алынды.
Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.