Түркияда қаза болған Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековты жерлеу рәсімі өтті

0
1 766

Бұл туралы Telegram желісінде Мирболат Құрмашевтың ағасы хабарлады.


Түркияда қаза болған Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековты жерлеу рәсімі өтті

ERNUR.KZ. Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековты жерлеу рәсімі өтті, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Telegram желісінде Мирболат Құрмашевтың ағасы хабарлады.

"Бүгін бауырларымызды соңғы сапарға шығарып салдық. Жатқан жері жайлы болсын", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, оларды үйінді астынан алып шығуға көмектескен қазақстандық құтқарушыларға алғысын білдірді.
"Туыстарымыз бен достарымыздың атынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз:
- Дмитрий Денисов
- Беков Ильдар
- Исмаил Жан
- Асанбаев Бүркіт
Құтқарушыларымыз өз өмірін қатерге тігіп, үйінді астынан азаматтарымыздың денесін алып шықты. Нағыз батырлар, мың алғыс!", – деп жазды Мирботал Құрмашевтың ағасы.
Еске салайық, қаза болған қазақстандықтардың денесі Антакья қаласынан Анталияға кейін, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Барлық көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алды.