Уақыт белдеуінің өзгеруі: ҚМДБ намаз уақыты қалай өзгеретінін айтты

0
549

Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді.


Уақыт белдеуінің өзгеруі: ҚМДБ намаз уақыты қалай өзгеретінін айтты

1 наурызға қараған түні 3 мегаполис пен 11 облыста уақыт бір сағат артқа шегерілуіне байланысты намаз уақыттары да өзгеріп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

Осылайша Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілді" делінген хабарламада.


намазы уақыты