ҰБТ-да қолдануға болмайтын заттардың тізімі толықтырылады

0
600

Құжат жобасы 18 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.


ҰБТ-да қолдануға болмайтын заттардың тізімі толықтырылады

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына бірқатар өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр. Олардың жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат жобасына сәйкес, ҰБТ өтетін ғимаратқа алып кіруге болмайтын заттар тізімі кеңейеді. Атап айтқанда, бұл қатарды смарт көзілдірік, фитнес білезік (трекер), диктофон және А4 форматындағы қағаздар толықтырады.

Айта кетейік, бұған дейінгі тізімде пейджер, ұялы телефон, планшет, iPad, iPod, смартфон, ноутбук, плейер, модем (мобильді роутер), радио-электрондық байланыстың барлық түрі (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G), смарт сағат, калькулятор, құлаққап, шпаргалка, оқу-әдістемелік әдебиеттер болған.

Тестілеу кезінде тыйым салынған заттардың бірі түлектен табылса, ол ары қарай сынаққа жіберілмейді.