Үкімет бюджет тапшылығын толтыру үшін тағы да 500 млн доллар қарыз алады

0
2 424

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, былтыр Қазақстандағы бюджет дефициті 2,4 трлн теңгеге тең болған.


Үкімет бюджет тапшылығын толтыру үшін тағы да 500 млн доллар қарыз алады

ERNUR.KZ. Қазақстан бюджет тапшылығын толтыру үшін тағы да 500 млн долларға қарыз алады, деп жазады inbusiness.kz.

Үкімет қаулысы Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Займ «мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар туралы» заңнамасы шеңберінде сыртқа облигация шығару процесімен алынбақ. Бұған дейін Үкімет Азиялық даму банкі мен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 млрд доллар алуға шешім шығарғаны белгілі. Ратификацияланған құжатта бұл қаражат пандемиямен күреске жіберіледі деп көрсетілген.

Еске салайық, 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қарыздар бойынша сыйақы төлемдер қызметінің шығыны 578,6 млрд теңгені құраған. 2019-шы жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артық.

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, былтыр Қазақстандағы бюджет дефициті 2,4 трлн теңгеге тең болған.