ҰҚК қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа қатысу фактісі бойынша 10 істі тергеп жатыр

0
1 116

Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр.


ҰҚК қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа қатысу фактісі бойынша 10 істі тергеп жатыр

ERNUR.KZ. Бірнеше қазақстандық Украинадағы соғысқа қатысты деген күдікке ілінген, деп жазады Stan.kz.

Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр.

"ҚР ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген ҰҚК-ның “Курсивтің” ресми сауалына берген жауабында.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

Еске салайық, 2022 жылғы 17 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург форумының пленарлық отырысында Владимир Путинмен бірге сөйлеген сөзінде Қазақстан мұндай "квазимемлекеттік аумақтардың" тәуелсіздігін мойындамайтынын айтқан болатын.

25 ақпанда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымына түсініктеме беріп, Украина мен Ресей шенеуніктерін келіссөз үстеліне отыруға шақырды.