Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді

0
425

Санкциялық тізімге 291 компания енген.


Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді

ERNUR.KZ. Украина 300-ге жуық кәсіпорын мен ұйымға қатысты санкция енгізді. Соның ішінде екі қазақстандық компания да бар, деп sputnik.kz.

Санкциялық тізімге 291 компания енген. Санкцияның мерзімі – 10 жыл. Ал екі қазақстандық компанияға қатысты шектеу шаралары бес жылға енгізіліп отыр. Олар - "ИТС-Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестік және "Тыныс" акционерлік қоғамы.
"ИТС-Астана" дәнекерлеу құрал-жабдықтарын жеткізумен айналысады және ресейлік "ИТС-Урал" компанияның Қазақстандағы ресми өкілі болып саналады.
"Тыныс" АҚ шығаратын өнімдер - полиэтилен құбырлары, автомобиль крандары мен мүгедектерге арналған арбалар. 2013 жылдан бастап кәсіпорында амуниция және қорғаныс құралдарын тігетін цех ашылды. Мемлекеттік тапсырыспен Қазақстанның күш құрылымдары үшін бронды кеудешелер, бронды жүйелер мен соққыға қарсы қалқандар жасайды.
Зеленский қол қойған жарлыққа сәйкес, санкцияға Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан мен Кипр ұйымдары ілікті. Олардың активтері бұғатталады, сауда операциялары шектеледі. Бұдан бөлек, Украинадан капитал шығаруға тыйым салынады. Зияткерлік меншік пен технологияларды беруге рұқсат жоқ.