​ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған теракт туралы айтты

0
2 653

22 наурызда кем дегенде үш камуфляж киген адамдар Крокус Сити Холл ғимаратының бірінші қабатына басып кіріп, автоматтан оқ жаудырды.


​ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу облысындағы Крокус Сити Холлда болған терактіде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп жазады Zakon.kz.

"Мәскеу облысындағы Крокус Сити Холл концерт залында орын алған адамгершілікке жатпайтын лаңкестік әрекет туралы терең өкінішпен білдік. Қайғылы оқиға жүрегімізді сыздатты. Теракт салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жазықсыз адамдар жараланды. Біз бұл қатыгез, ақтауға келмейтін қылмысты қатаң айыптаймыз. Біз сіздермен бірге қатты қайғырамыз. Жеке өз атымнан және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Хатшылығының атынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіруге рұқсат етіңіздер", — деп жазды Тасмағамбетов Telegram-да.

Қазақстан Мәскеудегі лаңкестік әрекетті үзілді-кесілді айыптайтыны бұған дейін хабарланған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мәскеуде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

22 наурызда кем дегенде үш камуфляж киген адамдар Крокус Сити Холл ғимаратының бірінші қабатына басып кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 40 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған.