«Ұлболсын» фильмі Таллинде өткен кинофестивальде жүлдегер атанды

0
694

«Үздік азиялық фильм» аталымында жеңімпаз атанды.


«Ұлболсын» фильмі Таллинде өткен кинофестивальде жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық фильм Эстонияда өткен «Қараңғы түндер» кинофестивалінде жүлдегер атанды, деп жазады baq.kz.

Бірнеше күн бұрын Таллинде өткен «Қараңғы түндер» кинофестивалінде біздің «Ұлболсын» атты фильміміздің әлемдік премьерасы өтті. Ал кеше фестивальдің жабылу салтанатында ол «Үздік азиялық фильм» аталымында жеңімпаз атанды, - деп жазады Әділхан Ержанов.

«Ұлболсын» фильмі жайлы ақпарат кинофестивальдің Twitter парақшасында да жарияланды.

Айта кетейік, картинаның басты кейіпкері - қалада тұратын Ұлболсын. Оның сіңлісі Ажар Қаратас ауылындағы мектепті енді ғана бітірді.

Ұлболсын сүйікті сіңлісінің болашағын жоспарлап қойған. Ол Ажарды беделді шетелдік университетке түсіру үшін жеткілікті ақша жинады, бұл қыздың болашақтағы мансабына және еркін және тәуелсіз болуына мүмкіндік береді. Алайда ол Қаратасқа келгенде қызды жергілікті емші, халық арасында өте беделді кісі Үргеннің тоқал ету үшін алып қашып кеткенін көреді. Ұлболсын бұған көндігуге болмайтынын түсініп, Қаратастың патриархалды әлемімен күресуге бел буады.