Үлкен Алматы арнасынан әйел мәйіті табылды – күдікті ұсталды

0
519

Марқұмның денесі алты күннен кейін табылды. Осы қылмыс үшін 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған


Үлкен Алматы арнасынан әйел мәйіті табылды – күдікті ұсталды

ERNUR.KZ Алматы облысының тұрғыны өз әйелін өлтіріп, денесін Үлкен Алматы арнасына лақтырып жіберді, деп жазады sputnik.kz.

Марқұмның денесі 12 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданына қарасы Ават ауылының жанынан табылды. Әйелдің денесі қанталап кеткен. Біреудің аяусыз ұрғаны анық байқалды. Сараптама кезінде қабырғалары бірнеше жерден сынғаны да анықталды.

Полицияның мәліметіне сәйкес, 37 жастағы әйел Талғар тұрғыны болған. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның күйеуі ұсталды.

Тергеушілер ер адамның қылмысқа не себепті барғанын анықтады. 6 қыркүйекте үйде жанжал шыққан. Сол кезде ер адам әйелін ұрып өлтірген. Одан кейін денесін арбаға салып, Үлкен Алматы арнасына лақтырып жіберді.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы қылмыс үшін 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.