Ұлттық банк басшысы теңге неге әлсірегенін түсіндірді

0
349

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзінің негізгі мандатынан ауытқымайтынын айтты.


Ұлттық банк басшысы теңге неге әлсірегенін түсіндірді

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаһандық инвесторлармен кездесуінде теңе неге әлсіреп кеткенін түсіндірді, деп жазады zakon.kz.

Теңге бағамының соңғы екі аптадағы әлсіреуіне қатысты сұраққа жауап бере келе, Ұлттық банк төрағасы бірнеше фактордың бір мезетте қосарланғанын айтты, олар:

  • АҚШ долларының жаһандық деңгейде күшеюі (дамыған елдердің валюталар қоржынына қатысты АҚШ долларының индексі қыркүйекте 2,5%-ға өсті);
  • импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы;
  • базалық мөлшерлемені төмендету бойынша қабылданған шешім Үкіметтің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сату туралы норманы қолдануының тоқтатуы.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, осы факторлардың жиынтығы теңге бағамының қысқамерзімді әлсіреуіне әкелді.

"Маңызды факторлар тұрғысынан алып қарағанда, мұнай бағасының өсімі мен төлем балансының жалпы жағдайы тұрақтандырушы әсерге ие болып, ұзақ мерзімде теңгеге қолдау көрсетеді", – делінген хабарламада.

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзінің негізгі мандатынан ауытқымайтынын айтты.

"Ұлттық Банктің негізгі міндеті – проинфляциялық қысымды жұмсарту және инфляцияны ортамерзімді мақсатқа жақын 5% деңгейінде тұрақтандыру. Барлық күш-жігер осы мақсатқа жетуге бағытталады. Алайда, теңгенің айырбас бағамы еркін өзгермелі қалпында қала береді. Сонда ғана экономика кез келген өзгерістерге тез бейімделетін болады" – деді Ұлттық банк төрағасы.

Ақша-кредит саясатының бұдан әрі бағыты Ұлттық ,анктің бұрынғы іс-әрекеттері мен ақпараттық саясатына сәйкес болады. Нақты инфляцияның бәсеңдеу үрдісі қарқынды болса, базалық мөлшерлемені қалыпты түсіру жалғасады. Дегенмен фискалды ынталандырудағы әлеуетті ұлғаю тәуекелдері және экономикадағы тұрақты сұраныс жағдайында инфляциялық күтулердің жоғары деңгейі оны төмендеу кеңістігін шектеуі мүмкін.

Ақша-кредит саясаты әдеттегідей ашықтыққа, жүйелілікке, түсінікті әрі болжамды болу қағидаттарына негізделетін болады. Банк ықтимал ауытқуларға дер кезінде ден қою үшін жылдық инфляцияның таргетке келу траекториясын қадағалап отырады.