Ұлттық банк: Біз ешқандай 10 мың теңгелік ақша шығармаймыз

0
2 113

Әлеуметтік желілерде күлгін түсті 10мың теңгелік ақшаны бір-біріне таратып үлгеріп жатыр.


Ұлттық банк: Біз ешқандай 10 мың теңгелік ақша шығармаймыз

ERNUR.KZ. Ұлттық Банк әлеуметтік желілерде таралған жаңа күлгін түсті 10 мың теңгелік банкнотаны қызу талқыға салды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз ешқандай 10 мың теңгелік ақша шығармаймыз. Оны шығару тіпті жоспарда да жоқ болған", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.

Әлеуметтік желілерде күлгін түсті 10мың теңгелік ақшаны бір-біріне таратып үлгеріп жатыр. Жаңа ақшаның бірінде бүркіттің суреті бейнеленген болса, бірінде Астанадағы "Нұр Әлем" суреті тұр. Оған қоса, Qazaqstan Ulttyq Banki, сөзі мен Қазақстанның туы көрсетілген