Ұлттық банк қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтар көбейген

0
427

ҰБ жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді.


Ұлттық банк қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтар көбейген

ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды. Ұлттық Банкте шоттарды тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады», - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты Ұлттық банктегілер «ақша жіберіңіз» деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес берді. Ұлттық Банктен «ақша жөнелтіңіз» деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет екенін айтты.