Ұлттық бюро Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлерінің үстінен тергеу жүргізіп жатыр

0
1 100

Толық ақпарат әзірге жариялауға жатпайды.


Ұлттық бюро Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлерінің үстінен тергеу жүргізіп жатыр

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар лауазым иелеріне қатысты тергеу жүргізуде, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаменті директоры Арман Бердалин айтты.

"Ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар жекелеген қызметтік тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде" – деді Бердалин.

Одан өзге ақпарат әзірге жариялауға жатпайды.

Ол тұлғалардың ішінде Ұлттық экономика министрлігіндегі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақұпов бар ма, әзірге белгісіз.

"Мақалада айтылғандай, мені ешқашан ешкім парамен ұстаған емес, өйткені мен пара алған емеспін, алмаймын да! Пара алдым деп те ешқашан ешкімнің алдында мойындаған емеспін!" – деп жазды Facebook-те Жақұпов.