​Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі орташа жалақы мөлшерін жария етті

0
1 162

Бұл шамамен 106 400 теңге.


​Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі орташа жалақы мөлшерін жария етті

ERNUR.KZ. Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында орташа еңбекақы 161 800 теңге болған. Төменгі еңбекақы ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығында істейтіндерге бұйырыпты. Бұл шамамен 106 400 теңге, деп жазады 24.kz.

Ал Атырау облысында ең жоғары жалақы тіркелсе, Түркістан облысындағы көрсеткіш төмендеу болыпты. Қазақстанда жыл басынан бері 92,23 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 млн тоннаға артық. Еске салайық, елімізде 23 көмір өндіруші компания тіркелген. Олар қоймадағы қорды есептегенде 87,64 млн тонна көмірді тиеп жөнелтті. Жіктер болсақ, энергетиктерге 48,04 млн. тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 9,94 млн. тонна, өнеркәсіп орындарына 6,25 млн тонна көмір жіберілді. Сонымен қатар 23,3 млн. тонна көмір экспортталды. Жалпы теміржол арқылы 35,7 млн. тонна көмір тасымалданған екен. Ол үшін 29 мың бірлік жартылай вагондар тартылды. Оның 9 мыңы муниципалды көмірді тасымалдайды. Айта кетерлігі, елімізде қолданылатын электр энергиясының 70%-ы көмір өндірісіне тиесілі.

- Еліміздегі көмір өндірісі жалпы ішкі өнімнің қанша пайызын құрайды?

- Қолдағы ақпаратқа сай, көмір өндірісі жалпы ішкі өнімнің 1,5%-ын құрайды. Бүгінде салада 28 мың адам еңбек етіп отыр.

- Елордалықтардың биыл қыстан қысылмай шығатынына сенгіміз келеді. Ал Астанадағы көмірдің жайы қалай.

- Бүгінде Астанада 11 167 тонна көмір қоры бар. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жазылған. Қатты отын сапасына қарай 9000-13600 теңге аралығында сатылып жатыр.

Елімізде 2020 жылға қарай транзиттен түсетін жыл сайынғы табыс 5 миллиард долларға жету керек. Бұл үшін блокчейн, «биг дата» сынды технологиялардың маңызы зор. Саланы цифрландыру аясында салықты онлайн режимде төлеу мүмкіндігі туды. Жүйеге 31 банк қосылған. Ал өнімді импорттау бойынша сәуір айында іске қосылған «Кедендік мағлұмдау» қосымша жүйесі негізінде өңделген 13500-ге жуық декларацияның 87 пайызы автоматты жүйенің көмегімен іске асырылды. «Астана-1» ақпараттық жүйесі де өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Бастысы, уақыт үнемделді. Ұлт жоспарының 38-ші қадамы аясында іске қосылған жүйе бойынша 9 айда ел бюджеті 44,5 млрд теңгеге толыққан. Биыл кедендік баж салығы 26 пайызға артты. Жыл басынан жүйемен 600 мыңнан аса кедендік декларация өңделсе, оның 80 пайыздан астамы «жасыл дәліз» арқылы өтіпті. Мамандар жүйенің бизнес үшін де тиімді екенін айтып отыр. Олар бір жыл ішінде 6,5 млрд теңге үнемдеген.

Қайрат Таңқыбаев, мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

- Бұған дейін кеден органына барып, түбіршікті күтіп, декларацияның шыққанына дейін тауарды алып кету үшін бизнес сондай өзінің әкімшілік қаражатын, барып кету жұмсалатын еді. Соның бәрі жойылды. Электронды декларация беріледі. Егер жасыл дәлізге түсіп, тауар автоматты түрде берілсе, ол тауарын өзінің сақтау қоймасына алып кете алады.

Қазақстанда еурооблигациялар шығарылды. Оның құны 1,05 миллиард еуро. Құжаттар Лондон биржасында және Астана Халықаралық қаржы орталығының биржасында жарияланды. Келісімшартты халықаралық деңгейдегі Citi мен Societe Generale компаниялары ұйымдастырып отыр. 525 миллион теңге көлеміндегі алғашқы транш 2023 жылы төленеді, мөлшерлемесі 1,55 пайыз. Екінші транш та 525 млн теңгеге тең, ал мөлшерлемесі 2,375 пайыз. Қарызды 2028 жылға дейін өтеу міндет.