Ұлттық ғылыми онкология орталығында ашық есік күні өтеді

0
877

Аталған іс-шара 2022 жылдың 30 шілдесінде ҰҒОО-ның Консультативті-диагностикалық орталығында өтеді.


Ұлттық ғылыми онкология орталығында ашық есік күні өтеді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығында өңеш пен асқазан аурулары бар науқастарға арналған Ашық есік күні өтеді, деп жазады BAQ.KZ..


ҰҒОО жоғары білікті дәрігерлері өңеш пен асқазанның қатерлі ісіктерінің алдын-алу және ерте диагностикалау мақсатында 18 жастан асқан барлық қызығушылық танытқан науқастарға сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін дәрігерлік кеңестер өткізеді.

Іс-шараға қатысу үшін алдымен онколог маманының, абдоминальды хирургтың қабылдауына жазылу керек.

Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлік пен алдыңғы қарап- тексерулердің медициналық қорытындылары болуы керек (бар болған жағдайда).